25 мамыр күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Зеренді ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Т. Чокпаров сөз сөйлеп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру тәртібі, емтихан өткізу жұмыстары және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педагог-психолог «Балалардың жазғы қауіпсіздігі – сіздің қолыңызда!» тақырыбында ата-аналарға кеңес беріп, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын атап өтті.