Текст
22.09.2026
Мектебімізде «Саламатты Қазақстан» жобасы аясында «Таңғы жаттығудан бастаймыз» атты сергіту жаттығуы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастауға ықпал ету.
Таңғы жаттығу барысында оқушылар белсенділік танытып, дене қимылдарын орындап, сергектік пен жағымды көңіл күйге бөленді.
Деніміз сау, рухымыз мықты болсын! Өткізген: дене шынықтыру пәні мұғалімдері.

