Текст
01.10.2026
Мектебімізде оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық ойын дағдыларын дамыту мақсатында волейбол үйірмесі өткізілді.
Үйірме барысында оқушылар волейболдың негізгі ережелері мен әдіс-тәсілдерін меңгеріп, тәжірибелік жаттығулар орындады. Оқушылар белсенділік танытып, өзара бірлік пен ұйымшылдықты көрсетті. Жаттығу барысында шапшаңдық, дәлдік және командалық жұмыс дағдылары жетілдірілді. Жаттықтырушы: Б.Абдильманова

